×
У Вас установлен браузер Internet Explorer версии 9 или ниже

Для корректного отображения сайта и безопасной работы в сети Интернет рекомендуем обновить действующий браузер.

Также вы можете использовать другие браузеры, к примеру, Google Chrome, Firefox или Opera.

Әзербайжанға саяхат

Заметка путешественника Азербайджан, Баку - Март 2013 Книга автора

Balkhash 17 сентября 2014

6039 10 14

2013 жылы Қазақстанда Наурыз мейрамына орай 5 күн демалыс болғаны мәлім. Өз елімізде мерекені жылда көріп жүргеннен соң Наурыз мерекесін тойлайтын түркі не парсы тектес бір елді көргім келген болатын.

Ол үшін «Эйр Астананың» сайтынан (www.airastana.com) осы уақытқа сәйкес келетін әуе бағытын қарай бастадым. Дәл осы мерзімде Әзербайжан астанасы Бакуге (әзербайжанша атауы Бақы қаласы) барып-қайтуға бағыт бар екен әрі билет те бола кетті (егер, сайт арқылы алатын болсаңыз 6-7 мың теңгенің көлемінде арзан түседі, сондай-ақ билетті неғұрлым ерте алсаңыз, соғұрлым арзан болады).

Енді, келесі сұрақ қонақ үй мәселесі болды. Іздестіруді www.booking.com танымал сайтынан қарап, ол интернет-ресурс арқылы Ичери Шехерден (қазақ тілінде Ішкі Шаһар деген мағына береді) қонақ үй іздедім. Сайттың жақсы жері іздеген ақпаратыңды тауып береді. Бірақ сайттан тапқан ақпаратымның үстіне қонақ үй әкімшілігіне (Noah's Ark Hotel («Нұх пайғамбар кемесі» қонақ үйі, сайты www.noahsark-hotel.com)  телефон шалып хабарласып, күтіп алушы көлікке тапсырыс бердім. «Білмейтін жердің ой-шұңқыры көп» дегендей.

1-фото – Әзербайжан Наурызы

 

1-күні. Сонымен, 21 наурыз күні Астана-Баку бағытына ұшып шықтық. Отандастарымыз бұл елге де турист ретінде бара бастапты (2012 жылы Әзербайжанда Қазақстаннан 20 мың қонақ болған екен). Қарт Каспийдің арғы жағындағы тағы бір түркі жұрты, оғыз тектес, ата-бабалары қазақ жерінен (Сыр бойынан) кеткен. Қорқытты қазақтай қатты қастерлейтін өлке (әзербайжанша ел мағынасында қолданылады екен, Әзербайжан өлкесі деп барлық жерде жазылып тұр, яғни Әзербайжан жері). Айтқандай Нахшыванда Қорқыт атаға ескерткіш бар.

2-фото – Баку таксилері

 

Кезінде Мұстафа Шоқайдың, Ахмет Байтұрсыновтың ізі қалған Қап тауының етегінде орналасқан ел.

Тарихта әзербайжандардың «қызылбастарымен» Қазақ хандығы дәуірінде Иранды билеген олармен қазақтар біраз соғысып та алған.

Жалпы, Әзербайжанда 9,5 млн. халық тұрады екен (халықтың 90 проценті әзербайжандықтар).

Одан басқа, Иранда тұратын әзербайжандар саны 25-30 млн. төңірегінде. Сондай-ақ, АҚШ, Түркия мен Ресей және Грузияда әзербайжан диаспорасы жиі шоғырланған. Мысалы, Асылы Османова апамыз туған Грузияның Борчалы деген өңірін 300 000 төңірегінде әзербайжандар мекен етеді.

3-фото – Аяқ киімімді тазартып беріңізші?!

 

Әзербайжан туралы мәліметтерді Интернет желісінен көп табуға болады, бірақ менің айтпағым көзіммен көргендерімді жеткізу ғана.

Сөйтіп, 21 күні түнде ұшып келдік, әуежайда тексерістен өттік, менің түсінгенім әзербайжандардың көпшілігі Қазақстан туралы жалпы жақсы хабардар, әуежайдан өтіп жатсам, кеденші: «қайдан келдің деп сұрады», мен:  «Астанаданмын», десем, «қайдағы Астана, қостанайлықсың ғой», дейді, сонда барып есіме түсті, төлқұжатымда туған жерім Қостанай облысы деп жазылған болатын, ол болса, өткен ғасырдың 80 жылдары Қостанайда жұмыс істеген екен (Қазақстанда 100 мың әзербайжан бар екені белгілі, ал диаспора өкілдері 200 мың төңірегінде деседі, мүмкін солай да шығар, Қазақстанға келіп жұмыс істеп жатқандар көп сияқты, Астана базарларында да біразы сауда жасап жүр).

Гейдар Әлиев атындағы әуежайдан Ичери Шехерге жеткенше түнгі Бакуды бақылап келеміз. Қала көшелері самаладай жап-жарық, біресе Стамбұлға  біресе Дубайға ұқсап кете ме өзі!

Қысқаша айтқанда, ол күні, түнгі Ичери Шехерді аралап көрдік, әр жерде от жағып, оның үстінен секіріп жатқан жастар (Наурызды тойлап жатыр  екен), ауа-райы +10-15 градус шамасында жылы.

4-фото – Дүние жүзіндегі жалғыз кітаптар мұражайы

 

2-күні. Таңертең ерте тұрып алған соң таңғы ас ішкеннен кейін Ичери Шехерді аралауға кеттік. Нағыз шығыс Наурызы сезіледі, оның үстіне қаланың басқа аудандарына қарағанда, мұнда тіптен ерекше атап өтеді екен. Әнші-бишілер өнер көрсетуде, сахна құрып тастаған, адамдар халық музыкасына қосылып отырады екен, біздегідей арасында басқа халықтардың әуендерін қосу деген атымен жоқ, елдің көпшілігі ұлттық киімдерін киіп алған, бәрі сондай жарасымды. Наурызда қолөнер жәрмеңкесі де өтеді екен. Жасанды емес, қолдан жасалған, зергерлік заттарды, күмістен жасалған бұйымдарды жиі байқадым. Қыш ыдыстары да көп.

Ичери Шехердің қала қақпаларынан бастап махалла ішін кешке дейін аралап шықтық.

Таңқаларлығы бір махалланың ішінде соншалықты көп тарихи ескерткіштердің болуы. Махалла ішінде туристерге арналған ақпараттық киоскілер орналасқан, ақпарат сұрасаңыз барлық сауалыныңызға жауап береді (бізді қызықтырғаны Қазақ ауданы еді, өздері Газах деп атайды, оған уақыттың тығыздығына байланысты жете алмадық).

5-фото – Түнгі Ичери Шехер

 

Бұл күні Ичери Шехердің (Ичери Шехердің өзі ЮНЕСКО-ның Дүние жүзілік мұрасына енгізілген) Ширваншах сарайын, Қыз мұнарасын (өздері Гыз галасы дейді, өкініштісі Қыз мұнарасы жөндеу жұмысында екен, ішіне кіре алмадық), Хан керуен сарайы мен Бұқара керуен сарайын, көптеген басқа да тарихи ескерткіштерді араладық. Жалпы Ширваншах сарайы өте керемет екен. Осы ауданда Баку миниатюралық кітіптар мұражайына бардық. Метродан алыс емес, дүние жүзіндегі көптеген кішкентай кітаптар жиналған, Қазақстанға қатысты біраз кітаптарды да көрдік. Айтқандай кіру тегін. Баяғыда ауылда лақтырып тастаған біздің кілемдерге ұқсас кілемдерді шетелдіктер көптеп сатып алып жатқандарына куә болдық, жергілікті жібек маталар да жоғары бағаланады.

Маған, Ичери Шехердегі тас қамалдарды бұзуға арналған соғыс қирату құралдары ерекше әсер қалдырды, Қазақстанда көрмеп едім. Жалпы, тарихи жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтайтыны білініп тұр. 

3 күні. Келесі күні Шахидтер аллеясы мен Баку телемұнарасына бардық, сондай-ақ, Каспий теңізінің жағалауын араладық, Низамидің, Самед Вургунның, Физулидің ескерткіштерін көрдік. Уақытымызды жалпы қала ішіп аралаумен өткіздік.

Әзербайжан асханасымен таныстық, тағамдарға ащы дәмдеуіштер өте көп қосылады екен, балық тағамдарынан да дәм таттық. Тәтті тағамдарын жеп көрдік, біздің жентке ұқсайтын секілді.

6-фото – Қала қақпаларын бұзуға арналған құрылғы

 

Бір күні әзербайжан палауының дәмін татып көрмекші болып, дәмханада «игыртма палау» деген палауға тапсырыс бергенім бар, сөйтсем ол жұмыртқа қосылған палау болып шақты. Кейде түрік асханасына жақын келетін сияқты, бірақ Кавказдың әсері бәрібір сезіледі.

4-күні. Одан кейінгі күні Гобустан қорығына жол тарттық. Гобустан қорығы Бакуден 70-75 км қашықтықта орналасқан. Бұл ескерткіш те ЮНЕСКО мұрасы болып саналады. Ол үшін Әлят бағытындағы қалааралық автобусқа отырып сапарға шықтық, орта жолдан такси тоқтап тұрған жерде өздері тастап кетеді екен.

Ал мұндай жергілікті такистермен саудаласып, 50 манатқа келісіп, әуелі лай шығаратын жанартауларға одан кейін тауға бардық, жүргізушіміз ауылдың әзербайжан шалы, орысша біліңкіремейді, жартылай қазақша жартылай әзербайжанша түсіністік. Әзербайжан тілінің көп сөздерін ұғуға болады, жазылып тұрған жазуларды оқып не екенін түсіне береміз, біраз олар жылдам сөйлегенде аңғармай қалатын да кездеріміз болады. Тауды да лай шығаратын жанартауларды да көрген соң Гобустанның қорығына келдік.

Бұл бір ерекше жер екен. Айтуларынша 6000 шамасында (білмеймін кім санағанын) тасқа аң-құстардың суреттері салынған. Тамаша әсер қалдырады, шетелдіктер де баршылық. Қорыққа кіру ақылы, ұмытпасам адам басына 2 манат төңірегінде болуы керек. Ашық аспан астындағы мұражай дерсің.

7-фото – Qala – Ашық аспан астындағы мұражай

 

Кіре беріс жерде біздің дәуіріміздің 1 мың жылдығында Рим сарбаздары тасқа жазып кеткен жазуды көрдік. Жазу бір үлкен тасқа жазылған, сыртын қоршап қойыпты.

Осы Гобустан ауданында молокандар деген орыс халқының этнографиялық тобы тұрады екен, бірақ олардың елді мекеніне бара алмадық (бағанғы шалдың айтуы бойынша, меніңше ауылы емес, шамалы молокан тектес тұрғындар болуы керек), бірақ кейін Бакуде бір молоканды кездестірдік.

5-күні. Тағы бір күнімізді отқа табынушылардың Атешгях атты ескерткіші мен ашық аспан астындағы Галаға (қазақша «қала» деген мағына береді) арнадық. Гала өзі археологиялық-этнографиялық мұражай кешені болып саналады, халықтың тұрмыс-тіршілігі ашық аспан астында көрсетілген. Көптеген жәдігерлер бар екен, кіру ақылы. Мұны Қазақстанда жасап қоятын дүние екен.

Атешгяхта мынадай қызықты оқиға болды. Екі Әзербайжандық маған келіп: «Сіз қытайлықсыз ба», дейді, мен оларға: «қазақпын, түркі текстес халық өкілімін» десем, ол екеуінің біреуі мені қытайлық деп, ал екіншісі жапон деп айыра алмай тұр екен. Өзіміздің қазақы тақиямызды киіп алатын болдық, енді бір жерге барып ас ішсең не дүкенге кірсең: «өзбексің бе», дейді (тақияма қарап айтатын болса керек), қазақ екенімді дәлелдеп жүргенім.

8-фото – Ширваншах дәуірінің мұрасы

 

Түстен кейін уақытымызды қала сыртындағы Бина және Садарак деген базарларды аралаумен өткіздік, шыны керек Шығыстың ерекше тауарларын іздеп көріп едік, сөрелерінде дәл біздегідей Қытай мен Түркия тауарлары екен. Аумақтары үлкен, тауардың неше түрі бар, көп мөлшерде алсаң бағасын түсіріп береді, қала сыртында болған соң барып-келуіміз бар, аралауымыз бар, жарты күніміз өтіп кетті.

9-фото – Низамиге ескерткіш

Ал, кешке Ичери Шехерден туған-туысқа кәдесыйлар мен ескерткіштер алдық (негізінде Ичери-Шехердің ішінде нағыз ескерткішке ұсынатын керек заттар көп, сол жерден алған дұрыс).

Айтқандай қала шетінде де елді мекен арасында да мұнай айдап жатқан мұнараларды көрдік. Қызық көрініс екен.

Кешке «ал Астана қайдасың!», деп ұшағымызға отырып, елге жол тарттық. Таңертең жұмыс, Наурыз демалысындағы уақытымыз да өтті, міне енді күнделікті күйбең тірлік те басталып кетті. Бәрі де өң мен түстің арасындай.

10-фото -  Бұлыңғыр Баку

 

2013 жылғы 21-26 наурыз, Астана - Баку – Астана

 

Автор – Амандық Қорғанұлы Әмірхамзин

 

 

"На конкурс от InterTravel - Всем гуд бай, привет Дубай!"

 

 

Отзывы и впечатления о поездке:

Баку напоминает одновременно Стамбул и Дубай! Интересно все и кухня, история и архитектура.

нет такого

Есть прямой рейс Астана-Баку, очень удобно

КОММЕНТАРИИ

Azamat

Алматы

18 сентября 2014

Balkhash, әңгімеңыз, фотоларыңыз өте қызықты!

Balkhash

Астана

18 сентября 2014

Azamat! Рахмет! Енді фоторепортаж жасау ойымда бар!

Maxim

Алматы

18 сентября 2014

Оооо! Какой старинный, интересный город. Слышал, что с безапасностью там все ОК!

Balkhash

Астана

18 сентября 2014

Maxim! С безопасностью все нормально, мы даже съездили в отдаленный поселок под Гобустаном, в самом городе все спокойно, советую посмотреть своими глазами!"

Alisher

Алматы

18 сентября 2014

Balkhash, көп сізге рахмет, такси сондай қызықты!

Balkhash

Астана

18 сентября 2014

Alisher! Идеясын Евровидениені өткізу кезінде ағылшындардан алған .

Dastan

Алматы

18 сентября 2014

Balkhash, сіздің баяндауыңыз және суреттеріңіз бойынша Баку қаласы шын мәнінде ескі қала екені көрініп тұр. Әсіресе катапульта және мұражай жақсы әсер қалдырады. Басқа мақалаларыңызды күтеміз!

Balkhash

Астана

18 сентября 2014

Dastan! Рахмет! Жалғасы болады.

Rico

18 сентября 2014

Судя по Вашим фотографиям там очень чисто! У нас бы так )

Balkhash

Астана

18 сентября 2014

Rico! Здесь у меня в основном фотографии Ичери-Шехера и музея под открытым небом Гала. Да, город чистый (страна то нефтяная). Баку самый большой город Закавказья.
или , чтобы оставить комментарий.